Қымбатты, достар!
Сіздермен Сарқан ауданы әкімінің ресми сайтында кездескеніме қуаныштымын.
Сарқан ауданы – Жетісудың шұрайлы, құнарлы өңірінде қоныс тепкен. Ауданның ежелден қалыптасқан өзіндік тарихы бар, өнегелі өткені бар. Сарқан – аграрлық аудан, мұнда ауыл шаруашылығы кеңінен қанат жайған, дәндік, техникалық және майлы дақылдар өсіріледі. Сонымен қатар балық шаруашылығының өнімдері төңірекке танымал. Бүгінге дейінгі қол жеткен жетістіктеріміздің барлығы аудан аумағында тұратын қалын елдің еселі еңбегінің нәтижесі. Біздің ортақ мақсатымыз – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев белгілеп берген «Қазақстан-2030» Стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылатын әлеуметтік бағдарламаларды өмірде іс жүзіне асыру, тәуелсіз мемлекетіміздің гүлденуі.
Біздің сайтымыздың беттерінде ауданымыздың қоғамдық-саяси өмірі және әлеуметтік-экономикалық дамуы жария етіліп, оқырмандарға ұсынылатын болады. Біз аудан өмірінің әр алуандығын көрсетуге әрдайым ұмтыламыз. Интернет желісін пайдаланушылар іргелі ауданының игілікті істерін, оң өзгерістерін электронды ақпарат бетінен оқып, ел-жер туралы танымын кеңейте алады.
Құрметті сайт қонақтары!
Сарқан ауданына қош келдіңіздер! Әрқашанда бізбен бірге болыңыздар!
Сарқан ауданының әкімі
Сексембай Төлеубайұлы Бекішов